ТОҒЖАН ҚАЗЫНАБЕК - «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

ТОҒЖАН ҚАЗЫНАБЕК - «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында таеквондошы Тоғжан Қазынабек 55 кг дейінгі салмақта топ жарып, алтыннан алқа тақты.

Біздің спортшы бүгін өзбекстандық қарсыласын (2-0), сосын ресейлікті (2-0), ширек финалда Беларусь өкілін (2-1) ұтты. Финалда тағы бір ресейлік таеквондошыдан (Қиыр шығыс федералды округы) мықты екенін дәлелдеді (2-0).

Ақтық сынға шыққан тағы бір отандасымыз Аяулым Сапаралиева (49 кг) қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Кеше біздің команданың 3 даянг шебері қола медаль жеңіп алған. Осылайша, таеквондодан Қазақстан командасы ойындарды 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдемен қорытындылады.

Қазір Қазақстан делегациясындағы алтын саны екеуге жетті.