
Брейкинг (қалалық би стилі) алғаш рет Парижде өтетін жазғы Олимпиаданың бағдарламасына енгізілді.
«Біз тарихта алғаш рет аталған спорт түрінен Олимпиада ойындарында қатысамыз. Өткен аптада Амир Закиров Будапешттегі жарыста өнер көрсетіп, финалда Франция спортшысымен күш сынасып, екінші орын иеленді. Ол Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды», - деді туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.