
Оның ішінде тек қана басым олимпиадалық спорт түрлері дайындалады. Сондай-ақ әр өңірде 20 жуық Олимпиадалық даярлау орталығы жұмыс істеп жатыр. Оның екеуі жазғы республкиалық даярлау орталығы, олар Астана және Алматы қалаларында орналасқан.
«Тек Париж олимпиадасымен ғана шектелмей, бүгінде 2028 жылы Лос-Анджелесте және Брисбенде өтетін олимпиадаларға да дайындық жүргізіліп жатыр», - деді туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.