ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТОЛЫҚ ҚҰРАМДА АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТОЛЫҚ ҚҰРАМДА АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ

Жалпы, делегация мүшелерінің саны 118 адамды құрайды. Оның ішінде, дәрігерлер, жаттықтырушылар, спортшылар және т.б. бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады. Барлық құрама командалар Шенген визасымен қамтамасыз етілген.

«Ұлттық құрама командалардың ұшуы оқу-жаттығу жиындары өтетін орынға және ойындарға қатысу мерзімдеріне байланысты болады, яғни спортшылар Парижге әр жерлерден барады. Ойындарға бірінші болып 20 шілдеде Гравлин (Франция) қаласынан ескек есуден құрама командасы ұшады. Сонымен қатар 22 шілдеде Астанадан 4, Алматыдан 10, сондай-ақ Еуропада жиында жүрген және жарысқа қатысып жүрген 13 команда Олимпиадаға тікелей барады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.