
Бүгін Якутск қаласында VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарының алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Самбодан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 қола медаль жеңіп алып, команданы үздіктер қатарына шығарды.
Алтын: Әбіш Пердалы (46 кг)
Қола жүлдегерлер:
Оңталап Сағындық (53 кг)
Балнұр Дастанқызы (59 кг)
Айнұр Мукарам (41 кг)
Рәсім Базарбай (64 кг)
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттау рәсімін ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов қатысты.
Ертең самбошылар қалған 6 салмақта жүлдегерлерді анықтайды. Сондай-ақ бүгін үстел теннисі мен шахматтан жарыс басталды.
Кешке Якутск қаласындағы «Туймаада» стадионында VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының ресми ашылуы өтеді. Алдағы күндері ел намысын 21 спорт түрінен 200-ден астам өреніміз қорғайды.