
13 шілде - Жалпыұлттық аза тұту күні.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде: "Көптеген елде жағдай бізден де қиын. Дегенмен "Әр қазақ - менің жалғызым" дегендей, әр азаматымыздың қазасы жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан аталай асылдарымызды жұлып әкетіп жатыр. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деген болатын.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше (https://www.coronavirus2020.kz/) елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 58253-ға жеткен. Оның 33814-і аурудан жазылса, 264 науқас қайтыс болған.
Қайтыс болған азаматтардың отбастарына қайғырып көңіл айтамыз.
Емделіп жатқандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз!