ОКҚ АЛАҢЫНДА V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ОКҚ АЛАҢЫНДА V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Медальдарды 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров таныстырды. 
Медаль қола қорытпасынан жасалған. Медальдің ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі - ат үстіндегі Күн басты адамның таңбасы бар.

«Медальдің контуры ұлттық символымыз шаңырақ түрінде жасалған. Медаль таспасы ерекше, сердолик минералының түсі секілді. Онда Ойындардың өтетін орны мен уақыты көрсетілген естелік жазба бар», - деді спикер.

@ortcom_kz #CCS