
Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті алғашқы 460 түлек үшін IUTH GRADUATION GALA 2024 іс-шарасын ұйымдастырды. Салтанатты кешке ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысып, бітіруші түлектерге диплом табыстады.
Айта кетейік, Халықаралық туризм және меймандостық университеті – туризм саласында халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандар даярлайтын еліміздегі алғашқы бейінді университет. Қазіргі таңда, ЖОО бітірген және диплом алған 460 түлектің 87-сі жұмысқа орналастырылды.
Бүгінде туризм саласындағы кадрға деген жоғары сұранысты ескере отырып, 2024-2025 оқу жылынан бастап 3 жылдық білім беру жүйесіне көшу жүзеге асырылады. Триместрлік сабақтар 10 апталық теориялық оқу мерзімімен ұйымдастырылады, студенттер 3 жылдан кейін бакалавр дәрежесін алады.