Стенд атудан сәуір айында Дохада (Қатар) өткен лицензиялық турнирде скит бағдарламасы бойынша Эдуард Ещенко қола жүлде иеленіп, Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.
1999 жылы 13 қарашада дүниеге келген.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
- 2022 жылы Хорватияда өткен әлем чемпионатында микс жаттығуы бойынша Әсем Орынбаймен бірге қола жүлдеге ие болды;
- Әлем кубогының жүлдегері (2021, 2023);
- Скит бағдарламасы бойынша ерлер араcында әлемдік гран-придің жеңімпазы (2022);
- Микс жаттығуы бойынша Әсем Орынбаймен бірге Жазғы Азия ойындарында топ жарды (2023);
- Азия чемпионы (2019).