
Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Zoom платформасы арқылы Гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес пен ТМД құрамына кіретін мемлекеттер арасындағы мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қор Басқармасының бірлескен отырысына қатысты.
Онлайн-басқосуға Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қор Басқармасының Төрағасы, Гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес мүшесі, Əзірбайжан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Полад Бюльбюль Оглы;
Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қор Басқармасының тең төрағасы, ТМД елдері арасында Гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес мүшесі, Ресей Федерациясы президентінің халықаралық мəдени байланыс бойынша арнайы өкілі Михаил Швыдкой;
ТМД елдері арасында Гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес Төрағасы,Тәжікстан Республикасы президентінің əлеуметті дамыту жəне қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Абдуджаббор Рахмонзода;
Сондай-ақ ТМД елдеріндегі Гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес пен Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қор Басқармасының өкілдері, ТМД елдері арасындағы өзге де достастық ұйымдарының тұрақты өкілдері, ТМД атқару комитеті, Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қордың атқарушы дирекциясы мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Тараптар күн тəртібінде қаралатын жұмыс жоспарын бекітіп, ТМД құрамына кіретін мемлекеттер арасындағы мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қор Басқармасының жаңа мүшелері - Молдованың Білім, мəдениет жəне зерттеу министрі Игорь Шаров жəне Өзбекстаның Мəдениет министрі Озодбек Назарбековпен танысты.
Осыдан кейін COVID-19 пандемиясы кезінде туындаған мәселелер, мемлекетаралық «Достастық жұлдыздары» мен халықаралық «Достастық тұсаукесері» сыйлығы, 2021 жылғы бірлескен қызмет, Өзбекстан Республикасының бірлесе отырып деректі фильмдер циклын түсіруге бағытталан ұсынысы қаралды. (Анықтама: аталған деректі фильмдер циклы ТМД елдерінің жетістіктері, қалыптасуы, тарихи мəн-маңызы туралы. Бастама 2021 жылы ТМД-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай ұсынылады, деп жоспарланып отыр).
Жалпы әлемдік коронавирус пандемиясына қарамастан ТМД деңгейіндегі барлық іс-шара онлайн түрде жалғасып жатыр.
Айта кетейік, биыл «Шымкент – ТМД елдерінің мəдени астанасы» атанған болатын. Ал 2019 жылы Беларусь Республикасының - Брест, 2018 жылы Армения Республикасының - Горис,2017 жылы Әзірбайжанның - Гянджа, 2016 жылы Түрікменстанның - Дашагуз, 2015 жылы Ресейдің Воронеж және Тәжікстанның Куляб қаласы осы мәртебеге ие болған еді.
Алайда биылғы коронавирус пандемиясына байланысты жоспарланған іс-шаралардың көпшілігі кейінге қалдырылды. Осыған орай онлайн жиын барысында «Шымкент - 2020 жылғы ТМД-ның мəдени астанасы» бағдарламасы аясындағы іс-шараларды 2021 жылдың наурызына дейін ұзарту жайлы ұсыныс айтылды.