ЯРКИЕ ПОБЕДЫ КАЗАХСТАНСКИХ СПОРТСМЕНОВ НА ПРОШЛОЙ НЕДЕЛЕ

ЯРКИЕ ПОБЕДЫ КАЗАХСТАНСКИХ СПОРТСМЕНОВ НА ПРОШЛОЙ НЕДЕЛЕ

Дзюдо: 2022 жылдың 24 маусымынан басталған дзюдодан әлемдік іріктеу кезеңі аяқталып, нәтижесінде рейтингте ең жоғары ұпай жинаған 8 жерлесіміз Париж төрінде жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Велоспорт: Алматыда өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде еншіледі.

Нысана көздеу: Финляндияның Инкоо қаласындағы жылжымалы нысана көздеуден Гран-при бәсекесінде Ұлттық құрама спортшылары – үш, Италиядағы Green Cup халықаралық турнирінде екі медаль жеңіп алды.

Садақ ату: Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан Азия кубогі кезеңінде Андрей Тютюн блок садақ түрінде топ жарды. Ал Париж Олимпиадасының жолдама иегері Илфат Абдуллин классикалық садақ атудан күміс жүлде иеленді.

Күрес: Мажарстан астанасы – Будапеште өтіп жатқан рейтингтік турнирде отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдеге қол жеткізді.

Теннис: Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Анна Данилина Бари (Италия) челленджер турнирінің жеңімпазы, Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің чемпионы атанды.

Көркем гимнастика: Ресейдің Омбы қаласында Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Евгения Канаеваның жүлдесі үшін өткен жарыста жерлестеріміз төрт медаль жеңіп алды.

Спорттық акробатика: Польшада өткен Әлем кубогінде Диль Даниель мен Вадим Шуляр жұбы күміс медаль иеленді.

Әуесқой футзал: Босния және Герцеговинаның Сараево қаласында өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы Францияны жеңіп, әуесқой футзалдан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.