Тіл үйрету курстарына оқушылар қабылданады

Тіл үйрету курстарына оқушылар қабылданады

Тіл- қарым-қатынас пен пікірлесудің таптырмас құралы. Сондықтан да, қаншама жұрттың тілін білген адам, сонша түрлі ілім игеріп, білім көкжиегін кеңейте түседі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл cаясаты комитетінің тапсырысымен «Астана-Руханият» ЖШС «Қазақстан Республикасында  тіл саясатын іске асырудың  2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 15 шілдеден бастап 15 қарашаға дейін республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептері жанындағы курстарға қазақ және туған тілін үйренуге мүдделі этникалық топтардың өкілдерін шақырады.

Оқу тегін жүргізіледі.

Курсқа жазылу мерзімі: 14 шілдеге дейін.

Сіздің мына тілдерді тегін үйренуге мүмкіндігіңіз бар: қазақ, армян, әзірбайжан, балқар, белорус, башқұрт, ингуш, грек, грузин, дүнген, еврей, корей, күрд, неміс, өзбек, қырғыз, молдаван, орыс,  поляк, татар, тәжік, түрік, түркімен, украин, ұйғыр, шешен.

Курс соңында тыңдаушыларға сертификат табысталады.

Тіл үйренушінің жасына шектеу қойылмайды.  

Тіл – асыл ойдың бұлағы, өлшеусіз қазына, сол тілде сөйлейтін халықтың жан-дүниесі, орайы келіп тұрған оңтайлы уақытты құр өткізіп алмаңыз.

Байланыс телефоны: 8 701 451 1417

Электронды пошта: rukhaniyat.astana@mail.ru