КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАЗҒЫ МАУСЫМ ҚАРСАҢЫНДА АЗАМАТТАРЫМЫЗ БЕН ТУРИСТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҢЫЗДЫ

КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАЗҒЫ МАУСЫМ ҚАРСАҢЫНДА АЗАМАТТАРЫМЫЗ БЕН ТУРИСТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҢЫЗДЫ

Келе жатқан жазғы маусым қарсаңында азаматтарымыз бен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.
Туризм және спорт министрлігі тарапынан әкімдіктерге жазғы маусымға төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық талаптарына сәйкес дайындық қажеттілігі туралы хабарланды.

Әкімдіктер туристер мен келушілердің судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жыл сайын Төтенше жағдайлар департаменттері мен аймақтардың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс сапарларын өткізеді.

Жазғы кезеңде нысандарда болу ережелері жаңартылады, қауіпсіздікке жауапты персонал үшін нұсқаулықтар өткізіледі, ақпараттық қалқандар мен белгілер орнатылады, жергілікті қызметтермен және құтқару топтарымен оқу-жаттығулар жүргізіледі.

Әкімдіктер туристік бизнестің субъектілерінің жағдайын, орналастыру нысандарының туристерді қабылдауға дайындығын бағалауды жоспарлап отыр. Әкімдіктерге қажет болған жағдайда материалдық-техникалық базаны жаңарту және нысандарды жаңғырту ұсынылды, бұл қызмет көрсету сапасы мен келушілердің жайлылық деңгейін арттыруға ықпал етуі тиіс.