
Бүгін Олимпиадаға дайындық Штабына Астана қаласынының бір топ оқушылары келіп, Париж Олимпиадасына дайындық барысымен танысты.
Штаб жетекшісі Елсияр Қанағатов, Олимпиада чемпионы Серік Сапиев жас жеткіншектердің сұрақтарына жауап беріп, төрт жылда бір өтетін бас доданың маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы айтып берді.
Балалар ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тілеп, ең басты жанкүйер болатынын жеткізді. Артынан қонақтар Штаб өкілдерімен естелік суртеке түсті.
Айта кетейік, XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына 51 күн қалды. Әзірге ел қоржынында спорттың 19 түрінен 58 жолдама бар. Лицензиялық турнирлер осы айдың соңына дейін жалғасады. Штабтың жоспары бойынша жолдамалар саны спорттың 22-25 түрінен 75-80-ге жетуі керек.