
Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан шешуші лицензиялық жарыста Валентина Хальзова Колумбия спортшысы Ширлейдис Орозконы 5:0 есебімен жеңіп, Олимпиада лицензиясына қол жеткізді.
Ұлттық құрама спортшысы (75 кг) жолдамаға қол жеткізу үшін 6 айқас өткізіп, үшінші жарысында дегеніне жетті.
Бұған дейін осы салмақта бақ сынаған отандастарымыз:
Токио Олимпиадасы – 75 кг, Надежда Рябец
Рио Олимпиадасы – 75 кг, Дариға Шәкімова
Лондон Олимпиадасы – 75 кг, Марина Вольнова
Қазір Қазақстан құрамасындағы квота саны 56-ға жетті.