- Балалар лагерлеріне жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша балалар-жасөспірімдер туризмі объектілерінің каталогы жасалды. Оқушыларға арналған қолданыстағы демалыс базаларының бір бөлігі жөндеуді қажет етеді, өйткені ғимараттардың қызмет ету мерзімі асып кеткен. Инвестициялық белсенділікті ынталандыру үшін құрылыс шығындарының 10%-на дейін және туристік автобустарды сатып алуға – 25%-ға дейін өтемақыны көздейтін шаралар енгізілді.
- Соңғы екі жылда 3 400-ден астам бала Kids go free бағдарламасы бойынша тегін әуе саяхатын пайдаланды. 2024 жылы жобамен 3,5 мың баланы қамту жоспарланып отыр.
- «Жанды сабақтар» жобасы аясында оқушылар үшін экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылып, кәсіпорындар мен зауыттарға барды. 2023 жылдан бастап жоба өңірлерге одан әрі іске асыру үшін берілді. 2020-2023 жылдар аралығында оған 3 мыңнан астам бала қатысты.
https://t.me/KZgovernment