
Бүгін Францияның Сен-Мор қаласында аяқталған семсерлесуден Әлем Кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы 3-орын алды.
Қола медаль үшін айқаста біздің команда Израильден басым түсті. Есеп: 45-29.
Команда сапында Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай квартеті сынға түсті. Бұдан бөлек, жекелей сында ел намысын Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр Федотов сынды жас спортшыларымыз қорғады.
Айта кетейік, бұл кезеңге барлығы 31 мемлекеттен 309 семсерлесу шебері қатысты.