МИЛАД КАРИМИ — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

МИЛАД КАРИМИ — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Милад Карими спорттық мансабында алғаш рет керме жаттығуы бойынша чемпион атанды.

🥇🇰🇿Милад Карими - 15.033 ұпай
🥈🇨🇳Хао Тян - 14.300
🥉🇨🇳Жиалей Ляо- 13.800

Бұл отандасымыздың сары құрлық чемпионатындағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін ол көпсайыс және еркін жаттығуда күміс жүлде иеленген болатын.