НАРИМАН ҚҰРБАНОВ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ, МИЛАД КАРИМИ – ТАШКЕНТТЕГІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

НАРИМАН ҚҰРБАНОВ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ, МИЛАД КАРИМИ – ТАШКЕНТТЕГІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалдық сайыстар өтті.

Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда алтыннан алқа тағынды. Осылайша екі дүркін Азия чемпионы атанды. Былтыр Сингапурда өткен Азия чемпионатында да Нариманға тең келер ешкім болмады.

Ерлер. Ат снарядындағы жаттығу

🥇🇰🇿Нариман Құрбанов - 15.600 ұпай
🥈🇺🇿Абдулла Әзімов - 14 633
🥉🇯🇴Ахмад Абу Әл-Соуд - 14.633
7️⃣🇰🇿Милад Карими - 13.366

Еркін жаттығуда Милад Карими күміс медаль жеңіп алды. Дмитрий Патанини 5-ші орынға табан тіреді.

Ерлер. Еркін жаттығу

🥇🇵🇭Карлос Юло - 14,933 ұпай
🥈🇰🇿Милад Карими - 14.600
🥉🇨🇳Янжи Янг - 14.200
5️⃣🇰🇿Дмитрий Патанин - 13.866