
Финляндияның Лахти қаласында өткен боччадан халықаралық жарыста отандасымыз Қуаныш Асқарбеков қола медаль олжалап, байрақты бәсекеде жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.
Сондай-ақ ұлттық құрама қоржынына командалық сайыста өнер көрсеткен Итиана Шыңғысханова, Александр Құрмантаев және Қуаныш Асқарбеков тағы бір қола жүлдені салды.
Сонымен қатар жекелей сында бақ сынаған Итиана Шыңғысханова – төртінші, Меруерт Тілебалды – бесінші, Балжан Бөлекпаева – алтыншы, Темірлан Алтынсары сегізінші орынды иеленді. Ал жұптық сайыста Темірлан Алтынсары мен Аружан Жеңіс жұбы алтыншы орынға тұрақтады.
Айта кетейік, 27-31 мамыр күндері Астанада боччадан Қазақстан чемпионаты өтеді.