ДЗЮДО: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА КІМДЕР БАҚ СЫНАЙДЫ?

ДЗЮДО: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА КІМДЕР БАҚ СЫНАЙДЫ?

Дзюдодан 19-24 мамыр күндері аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды.

Ерлер:

🇰🇿60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов

🇰🇿66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали

🇰🇿73 келі: Данияр Шамшаев, Бақытжан Әбдірахманов

🇰🇿73 келі: Дархан Қойбағар (аралас командалық жарыс)

🇰🇿81 келі: Абылайхан Жұбаназар

🇰🇿90 келі: Айдар Арапов (аралас командалық жарыс)

🇰🇿100 келі: Нұрлыхан Шархан

🇰🇿+100 келі: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

🇰🇿48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева

🇰🇿57 келі: Бақыт Құсақбаева

🇰🇿63 келі: Эсмигүл Куюлова

🇰🇿70 келі: Екатерина Токарева

🇰🇿-78 келі: Аруна Жангельдина

🇰🇿+78 келі: Камила Берліқаш

Қазақстаннан алғаш рет Әлем чемпионы атағына 2009 жылы 100 келі салмақта Максим Раков қол жеткізсе, 2015 жылы Астана төрінде Елдос Сметов (60 келі) топ жарған болатын.

Айта кетерлігі, Абу-Дабиде өтетін әлем чемпионаты дзюдошылар үшін олимпиадалық рейтингке ұпай беретін соңғы жарыс болмақ. Дүниежүзілік біріншілікке 103 елден 600-ден астам татами шебері қатысады.