
Дзюдодан Астана қаласында өтіп жатқан «Үлкен дулыға» бәсекесінде 60 келідегі Елдос Сметов қола жүлде үшін таласта Әзірбайжан спортшысы Ахмад Юсуфовты таза ұтты.
Бұған дейін жерлесіміз соңғы рет 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдесін алған еді.