Мəдениет жəне кинотеатр саласының мəселелері талқыланды

Мəдениет жəне кинотеатр саласының мəселелері талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен əлемдік коронавирус пандемиясы мен карантиндік шектеулер кезіндегі кинотеатрлар қызметіне байланысты кезекті онлайн-кездесу өтті.

ZOOM платформасы арқылы өткен жиынға МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен ШҚО Мəдениет басқармаларының жетекшілері қатысты. 

Жиында Б.Шукенов ("Арман" кинотеатрлар желісі), М.Ягудина (ШҚО кинотеатрлар желісі), А. Малдыбаев (Kinopark кинотеатрлар желісі), Д.Айса (Маңғыстау облысы), Г.Шанытбай (Нур-Сұлтан қаласы) сынды кинотеатрлар желісінің директорлары жұмыс барысына қатысты ұсыныстарын айтты.

Онлайн-кездесуде мəдениет және өнер, оның ішінде кино саласындағы кəсіпкерлерді қолдау мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қоса кинотеатрлар қызметін қолдауға қатысты іс-шаралар мен жұмысты жандандыру мерзімі талқыланды. Жиын барысында «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы мен орталық жəне жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып шешуі керек мəселелер анықталды.