
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі "Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық конкурсының жеңімпаздарын онлайн режимде құттықтады.
«Мемлекеттің жан-жақты дамуына, елдің бірлігіне бұқаралық ақпарат құралдарының қосар үлесі зор. Біздің ортақ мақсатымыз – бір-бірімізді қолдау, бірге әрекет ету, елдің, экономиканың дамуы, әлеуметтік саланың гүлденуі, өмірдің тыныштығы. Сіздер, журналистер қауымы, алтын көпір болып келесіздер»,- деді А.Райымқұлова.
Биылғы жеңімпаздар қатарында:
«Үздік мақала» номинациясы
-Сімәділ Қарагөз Серікқызы, «Ана тілі» газеті, ІІІ орын, 150 000 тг.
-Бектасова Гүлзина Тұрғанбайқызы, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті, ІІ орын, 350 000 тг.
-Пазылов Орынбек Өтемұратұлы, «Егемен Қазақстан», І орын, 500 000 тг.
«Үздік сайт мақаласы» номинациясы
-Әбдуәли Аян Бекжанұлы, «Elorda Aqparat», ІІІ орын, 150 000 тг.
-Өрібай Аян Бекенұлы, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі, ІІ орын, 350 000 тг.
-Ермұхамед Мәулен, «Аладоп.кз» сайты, І орын, 500 000 тг.
«Үздік радиобағдарлама» номинациясы
-Мансұр Нұрмат Абдуллаұлы, «Шалқар» радиосы, ІІІ орын, 150 000 тг.
-Шамшейітова Айнұр Асылханқызы, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС, ІІ орын, 350 000 тг.
-Гүлнұр Омарханқызы, «Шалқар» радиосы, І орын, 500 000 тг.
«Үздік телебағдарлама» номинациясы
-Қалдыбаева Гүлнұр Ғазизқызы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы, ІІІ орын, 150 000 тг.
-Кашкинбаева Жанар Тойшановна, «Акцент» Лисаков телеарнасы» ЖШС, ІІ орын, 350 000 тг.
-Құттыбеков Айбек Құттыбекұлы, «Жетісу» телеарнасы, І орын, 500 000 тг.
БАС ЖҮЛДЕ – Төлебаев Дәуіржан Жұмажанұлы, «Ана тілі», 1 000 000 тг.