
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы termincom.kz сайтының youtube каналында «Әлеуметтік желі терминдерінің терминжасамдағы орны» тақырыбында онлайн-конференция өткізді.
Бүгінде әлеуметтік желі ақпарат алмасудың бірден-бір құралына айналған. Десек, те әлеуметтік желі–ақпарат пен нарықты дамытумен қатар қазақ терминдерінің қоғамдағы орнын айқындаушы, ұлттық тілдің мәдениетіне ықпал етуші құрал. Аталған іс-шара әлеуметтік желіде қолданылатын терминдердің терминжасамдағы орнын айқындауға, ұлттық тіл мәдениетіне ықпалын анықтауға бағытталды.
Онлайн-конференцияда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Нұрлан Шүленбаев, Shonbay Online университеті PR & Media бөлімінің жетекшісі, SMM-manager, копирайтер Ақерке Камал әлеуметтік желі терминдерінің қолданысы, оның тіл мәдениетіне әсері жөнінде ой қозғады.
«Ел мен елдің арасындағы ежелгі достық қарым-қатынастың болғандығы ана тіліміздің сөз байлығының құрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты заттарды ғана алмастырып қоймаған, соған қоса рухани байлық та бір-біріне молынан ауысқан. Соған байланысты бір тілден екінші тілге көптеген сөздер кірген. Сол себепті тіліміздегі қыруар кірме сөздерді қоғам тарихымен, қазақ халқының басынан кешкен даму тарихымен тығыз байланыстырып қараған жөн,-деді спикер Ақерке Беріккелдіқызы.