Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Бішкектегі турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Шешуші белдесуде Демеу Оңтүстік Корея спортшысымен күш сынасып, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ.