СҚО-ДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ: ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ СЕРІК ЖАРАСБАЕВ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АУДАНДАР МЕН ЭВАКУАЦИЯ ПУНКТЕРІНЕ БАРДЫ

СҚО-ДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ: ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ СЕРІК ЖАРАСБАЕВ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АУДАНДАР МЕН ЭВАКУАЦИЯ ПУНКТЕРІНЕ БАРДЫ

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Күннің алғашқы жартысында ол Борки ауылындағы Олимпиада резервін даярлау орталығындағы шаңғы-роллер тасжолының жағдайымен танысып қайтты.

Шаңғы-роллер кешенінің ойпат жерін қарғын су басып, енді су қайтқаннан кейін нысанды қалпына келтіру үшін кешенді жөндеу қажет етуі мүмкін. Серік Маратұлы облыстағы спорт ұйымдары мен спорт қауымдастығы өкілдерімен және жетекшілерімен кездесіп, тілдесті. Олармен бірге тасқыннан материалдық шығынға ұшыраған солтүстікқазақстандықтарға гуманитарлық көмекті түсіруге қатысты.

Облыстық мектеп-интернат-колледжінің жатақханасына эвакуацияланғандарды орналастыру барысымен танысты.
Сондай-ақ вице-министр қарғын судан айтарлықтай зардап шеккен Қызылжар ауданындағы спорт нысандарына барады.