Ақтоты Райымқұлова спортсүйер қауымды Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова спортсүйер қауымды Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова спортсүйер қауымды Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтады.

"Сіздерді Халықаралық Олимпиада күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл - қарға тамырлы тарихы ежелгі дəуірден бастау алатын Олимпия ойындары ұзақ үзілістен кейін қайта жанданған күн.

Олимпиада - ежелден бейбітшіліктің жаршысы атанып, білекті де жүректі атлеттердің өнері түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін біріктіретін достық мейрамы. Қазір де əр елдің кіл мықты спортшылары аттанатын төрт жылдықтың басты додасы кескілескен əділ бəсеке алаңа болуымен қатар теңдік, жасампаздық, достық үстемдік құратын мезет.

Олимпия ойындары жайлы көне грек-рим жазбалары мен аңыз-əпсаналарынан бері бізге жеткен мəліметтер жəне қазіргі жетістіктер бұл ғаламат құбылыстың адамзат тарихындағы алар орны мен мəн-маңызын аша түседі.

Осынау ғаламдық жобаның жүзеге асуына дəнекер болған қайраткер Пьер де Кубертен ұсынған ұрандағыдай əр спортшы сайыста «Жылдамырақ, биігірек, мықтырақ» (латынша түпнұсқа - Citius, Altius, Fortius) атанып, биік спорттық белестерді бағындыра берсін!

Əлемдік коронавирус пандемиясына байланысты келесі жылға шегерілген XXXII Токио Олимпиадасында Қазақстан спортшылары мейілінше көп жолдама иеленіп, жеңісті күндер көп болсын!",-деп жазылған министрдің құттықтау хатында.