
Бүгін Ақтоты Райымқұлова Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында мәдениет және спорт саласы қызметкерлерін бейнеконференция арқылы «Алғыс хатпен» марапаттады.
«Қызметтің ыстығы мен суығына шыдап, мемлекеттік аппараттың үйлесімді əрі жемісті жұмыс істеуіне атсалысып отырсыздар. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында еліміз сан салада табысы мол, дамыған мемлекетке айнала алады.
Өкінішке қарай, дəл қазіргі коронавирус пандемиясы бəрімізді біраз əбігерге салып отыр. Қалыптасқан өмір салтымыздан бас тартып, оқшаулануымызға тура келді. Шекаралар жабылып, барлық мəдени-спорттық іс-шара кейінге қалдырылды. Дегенмен Сіздердің жұдырықтай жұмылып, атқарған тиянақты жұмыстарыңыздың нəтижесінде біз бұл сын-қатерді мәдениет, спорт және туризм ұйымдарының қызметін «қайта жүктеуге» мүмкіндік ретінде қарастырдық.
Елімізде жарияланған Төтенше жағдай кезінде азаматтардың рухани, мәдени және моральдық байытылуы мен спорттық белсенділігін қолдау мақсатында түрлі онлайн жобаларды бірге жүзеге асырдық. Аталған жобаларды жүзеге асыру жолында қызмет еткен Сіздерге алғысым шексіз»,- деді министр.
Мəдениет жəне спорт министрінің «Алғыс хатымен» марапатталған қызметкерлер:
1.Нұрбол Қабдылұлы Капешов
2.Шыңғыс Қасқырбекұлы Мелдебеков
3.Мұратхан Қайырлыұлы Қабылов
4.Мухамеджан Ибодуллаевич Бекназаров
5.Ардақ Нұрғазықызы Әлжанова
6.Мақпал Бейбітқызы Жүнісова
7.Айдана Ермұратқызы Құсманова
8.Гүлмира Қайыргелдіқызы Мұқышева
9.Асқар Талғатұлы Жашыбай
10.Қанат Манарбекұлы Үмбетәлинов
11.Әли Сағынтайұлы Қабдулов
12.Сәуле Жармұханқызы Сұлтанова