
Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
Өңірде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған 1046 спорт ғимараты бар. 2024 жылы облыста 9 спорт нысаны салынады. Бұдан бөлек, Президент тапсырмасы бойынша шаңғы-биатлон спорт кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Жыл басынан бері Жетісу облысының спортшылары барлық деңгейдегі жарыстарда 303 медаль (110 алтын, 93 күміс, 100 қола) жеңіп алды.