Ақтоты Райымқұлова Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты

Ақтоты Райымқұлова Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты.

"Құрметті Тимур Асқарұлы!

Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан анаңыз Раиса Құлыбаеваның қайтыс болуына байланысты отбасыңыз бен жақындарыңыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Раиса Алдабергенқызы саналы ғұмырында ұл-қызын өзгеге үлгі боларлықтай тəбиелеп, қатарының алды болуына дəнекер болған аяулы жан еді. Ақжарқын апамыз перзенттері мен немерелеріне ақ батасын беріп, бастаған əр ісіне асқан мейіріммен қолдаушы болып отыратын. Асыл анаңыздың бейнесі туған-туыстың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады.

Жайдары мінезді жанның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын.

Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын!",-деп жазылған көңіл айту хатында.