ЛИЦЕНЗИЯ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЕРЕБЕ НӘТИЖЕСІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ЛИЦЕНЗИЯ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЕРЕБЕ НӘТИЖЕСІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Таиландта өтетін әлемдік лицензиялық турнирге барудан үмітті боксшылар арасында жеребе тартылды. Енді Ұлттық құрама сапындағы орын үшін ерлер 1, әйелдер 4 салмақта өзара мықтыны анықтауы қажет.

50 кг:

Мұнда 2 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай мен әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері Алуа Балқыбекова кім мықтыны анықтайды.

Ең көп үміткер 54 кг дейінгі салмақта (8 адам):

Балауса Мұздыман - Жайна Шекербекова
Элина Базарова - Ұлжан Сәрсенбек

Дина Жоламан - Сымбат Әлиасқар
Сания Сұлтанқызы - Анель Сақыш

66 кг:
1-жартылай финал: Лаура Есенкелді - Жасмин Қизатова

2-жартылай финал:
Дариға Шәкімова мен Наталья Богданова арасындағы жеңімпазды Милана Сафронова күтіп тұр.

75 кг:
Валентина Хальзова финалда Гүлсая Ержан мен Жібек Жарасқызы екеуінің біреуімен жұдырықтасады.

Әйелдер арасында қазір тек Карина Ибрагимовада ғана Париж Олимпиадасының жолдамасы бар.