Ақтоты Райымқұлова Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сауығып кетуін тіледі

Ақтоты Райымқұлова Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сауығып кетуін тіледі

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сауығып кетуін тіледі.

"Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы!

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан коронавирус індетінен тезірек сауығып кетуіңізге тілектеспін!

Сіз Еліміздің Егемендігін алып, еңсе тіктеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қажырлы қайраткерсіз. Тосыннан келген бұл сынақтан да аман-сау шығып, өзіңіз Тәуелсіздігінің түп қазығын қадаған Қазақстанның қарыштап дамыған күндерінің куәсі бола беріңіз!

Хақ тағалам шипасын беріп, індетті оңай еңсеріп шығуыңызды тілеймін!",-деп жазылған хабарламада.