
Батырхан Төлеуғали Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді. Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы шешуші айқаста Сауд Арабиясының өкілі Әли Мабрук әл-Мабруктан басым түсті. Есеп: 2-0.
Сәл ертеректе Батырхан алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен ұтқан.
Бұл таеквондодан Ұлттық құраманың алғашқы жолдамасы.