Эльжана Таниева гимнастикадан Гран-при кезеңінде алтын медаль иеленді

Эльжана Таниева гимнастикадан Гран-при кезеңінде алтын медаль иеленді

Көркем гимнастикадан Испанияда өтіп жатқан Гран-при кезеңінде отандасымыз Эльжана доппен өнер көрсетуде финалға шығып, 33.400 ұпаймен алтын еншіледі.

Осы бағдарламада өзбекстандық спортшы күміс алса, қолаға Словения өкілі қол жеткізді.

Сондай-ақ Таниева шығыршықпен жаттығуда сегізінші, ал таспа, ұршық жаттығуларында 4-ші орыннан көрінді.