НАРИМАН ҚҰРБАНОВ — ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

НАРИМАН ҚҰРБАНОВ — ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Спорттық гимнастикадан 22-25 ақпан күндері аралығында Котбус (Германия) қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан топ жарды.

🥇Нариман Құрбанов — 15.433 ұпай
🥈Ахмад Әбу Әл Соуд — 15.300 ұпай
🥉Вунг Хур — 15.300 ұпай

Бұл жерлесіміздің алғашқы чемпиондық атағы емес. Өткен жылы Нариман Құрбанов Әзербайжан және Қатардағы әлем кубогының кезеңінде де қарсыластарынан озып кеткен еді.