
Роман Скляр туристік объектілердің аумағында туристердің ыңғайлы болуы сервистің жоғары сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Туристік аймақтарда интернет пен байланыс орнату, автожол төсемінің жабынын жаңартуды жүргізу, визалық-көші-қон режимін жақсарту және туристер үшін қолайлы саяхатты қамтамасыз ету үшін Қазақстанның курорттық аймақтарына әуе сапарларының жиілігін арттыру маңызды мәселелер болып қала береді. Уәкілетті мемлекеттік органдарға Үкіметтегі кеңестердің қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді, белгіленген мерзімде осы жұмысты аяқтауды сұраймын», - деді Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары.