Мәжілісте дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы заң жобасы таныстырылды

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде дене шынықтыру және спорт мәселелеріне, сондай-ақ нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін жоюға қатысты түзетулердің таныстырылымы өтті. Жиынға аталған комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов жетекшілік етті.

Заң жобасын Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев таныстырды.

Спорт саласында не өзгереді?
1. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, Паразиада ойындарының бағдарламаларына енгізілген және олардың аясында жоғары спорттық нәтижелері бар спорт түрлеріне басымдық беріледі.
2. Спорт саласындағы басқару институттарының өзара іс-қимылы қайта қаралады. Бұл мәселе бір спорт түрінен бір ғана федерацияны тану жолымен қаралатын болады.
3. Спорт резервін даярлау жетілдіріледі, атап айтқанда, спорттық дайындықтың ұлттық стандарттары әзірленіп, бекітіледі.
4. Ұлттық спорт медицинасы мен оңалту ұйымының функцияларына жеке бап бөлу және басқа да өзгерістер көзделген.

Заң жобасын талқылау жұмыс тобында жалғасады. Оған Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Нартай Сәрсенғалиев жетекшілік етеді.

Толығырақ parlam.kz сайтында.