КАНВОН-2024 ҚЫСҚЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: 31 ҚАҢТАРДАҒЫ ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ

КАНВОН-2024 ҚЫСҚЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ: 31 ҚАҢТАРДАҒЫ ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ

Ибрагим мен Мерей Тастемірлер топтағы шешуші ойында даниялықтарға (Катрин мен Якоб Шмидт) жол берді. Есеп: 3-15. Өкінішке қарай, Қазақстан плей-офф кезеңіне жолдама ала алмады. Біздің спортшылар кеше Италияны ірі есеппен жеңген. Алайда оның алдында Аустрия, Германия және Швейцария құрамасына есе жіберген.

Ертең, 1 ақпан ойындардың соңғы күні. Шаңғымен жарыста Берік Боранбаев, Аубәкір Тотанов, Виолетта Митропольская мен Милана Мамедова квартеті аралас командалық эстафетада жүлдеге таласады. Жарыс астана уақытымен сағат 8:00-де басталады.

Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 19-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған.