
Стенд атудан Каирде (Египет) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде «Трап» бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко топ жарды.
Алтын жүлде үшін өткен тартысты сайыста 35 жастағы отандасымыз Токио Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының 2 мәрте жүлдегері Алессандра Периллиден озды.
🥇Мария Дмитренко — 40 ұпай
🥈Фатима Галвез — 39 ұпай
🥉Алессандра Перилли — 32 ұпай
МАРИЯ ДМИТРЕНКОНЫҢ ӘЛЕМ КУБОГЫНДАҒЫ ҮЗДІК КӨРСЕТКІШТЕРІ:
🥇2 алтын (2023, 2024)
🥈2 күміс (2021, 2023)
🥉3 қола (2021, 2022)
Айта кетейік, Египетте ұйымдастырылған турнирде әлемнің 65 елінен 700 сұрмерген бақ сынап жатыр.
Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.