Алтын Орданың 750 жылдығы аясында 40-тан астам ғылыми-зерттеу жəне мəдени іс-шара өтеді - Ақтоты Райымқұлова

Алтын Орданың 750 жылдығы аясында 40-тан астам ғылыми-зерттеу жəне мəдени іс-шара өтеді - Ақтоты Райымқұлова

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова биыл Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы аясында атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

«Биылғы жылдың атаулы мерейтойларының арасында Алтын Орда, яғни Жошы хан ұлысының 750 жылдығы ойып тұрып орын алады. Осы орайда 40-тан астам ғылыми-зерттеу жəне мəдени іс-шара өтеді деп жоспарланған.

Бүгінде Жошы хан кесенесінде ғылыми-рестоврация жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қоса сол жерде тарихи-мəдени кешен тұрғызылады.

Сондай-ақ алыс-жақын мемлекеттерден туристер тарту мақсатында Алтын Орданың өзегі саналатын Ұлатау өңірінде «Қасиетті Ұлытау», «Хан Жолы», «Теректі Әулие» жəне «Қорғасын құпиясы» туристік бағыт дайындалды»,- деді Ақтоты Райымқұлова.