6 млн-ға жуық ел тұрғыны спортпен тұрақты шұғылданады - Ақтоты Райымқұлова

6 млн-ға жуық ел тұрғыны спортпен тұрақты шұғылданады - Ақтоты Райымқұлова

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық арасында салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар сағы күн сайын артып келе жатқанын айтты.

«Бүгінде елімізде спортты серік еткен тұрғындар саны 5,7 миллионға жетті. Оның 544 мыңы балалар мен жасөспірімдер. Сондай-ақ 2019 жылы Қазақстан құрамасы мыңнан астам жүлдеге ие болған. Ал жыл басынан бері паралимпиадашылар халықаралық жəне республикалық бəсекелерде 49 жүлде еншіледі. Қазір ел аумағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 15 спорт клубы жұмыс істейді»,- деді.