Қазақстандық спортшылардың ІҮ қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсету бағдарламасы

Қазақстандық спортшылардың ІҮ қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсету бағдарламасы

Корея Республикасында ұйымдастырылатын IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвон провинциясының Каннын қаласында өтеді.

Жарыстың ашылу салтанаты 19 қаңтарда Каннын қаласындағы Gangneuung Oval спорт кешенінде өтеді. Бұл нысанда конькимен жүгіру спортынан жарыстар ұйымдастырылады. Ал Олимпиаданың жабылу салтанаты 1 ақпан күні Каннындағы Gangneung Olympic Park спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

Канвон-2024 Ойындарына 14 пен 17 жас аралығындағы әлемнің 70 елінен 1800 спортшы қатысады. Мұнда 7 спорт түрінің 15 бағдарламасы  бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.