
ҚР Туризм және спорт министрлігі үлкен кешенді жарыстарды үйлестіру үшін арнайы штаб құрды. Онда федерациялардың, Ұлттық Олимпиада комитетінің және комитет жанындағы спортты дамыту дирекциясының өкілдері бар. Ең бірінші маңызды жарыс – жасөспірімдер арасындағы қысқы ойындар.
«Бұл жарыс Олимпиада секілді өтеді. Ол төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Бірақ оған 14-17 жастағы балалар қатысатындықтан мәдени және басқа да шаралар ұйымдастырылады. Еліміздің қысқы спорт түрлерін дамыту әлеуеті зор», - деді Олимпиадаға дайындық бойынша штаб жетекшісі Елсияр Қанағатов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.