Kids Go Free: Қазақстан бойынша турлар аясында 2000-ға жуық бала тегін ұшу бағдарламасын пайдаланды

Kids Go Free: Қазақстан бойынша турлар аясында 2000-ға жуық бала тегін ұшу бағдарламасын пайдаланды

2023 жылдың қорытындысы бойынша 13 туристік компания бағдарлама аясында 920 турды іске асырды, оның шеңберінде 1 975 бала ел ішінде саяхатқа тегін ұшу мүмкіндігін пайдаланды. Өтеу сомасы 90,0 млн. теңгені құрады. Балалар авиабилеттерінің құнын шегергендегі сатылған турлардың құны 458,0 млн. теңгені құрады.

Ең көп таралған бағыт – «Алакөл», барлығы 637 бала тасымалданды, өтемақы сомасы 10,7 млн теңге.

Келу бойынша екінші орында «Алматы» бағыты, барлығы 561 бала тасымалданды, өтеу сомасы 31,9 млн.теңге.

Үшінші орында Каспий жағалауы, өткен жылы мұнда Kids go Free бағдарламасы аясында 350-ден астам бала демалды, өтемақы сомасы 25,5 млн теңге.

Ақтау қымбат тұратын (1 000 000 теңгеден жоғары) турпакеттер саны басым бағыт болып қалады.

Анықтама: Kids Go Free бағдарламасы аясында 2022 жылы 373 млн.теңге сомасына 692 тур жүзеге асырылған, олар бойынша 1430 бала ұшу бағдарламасын пайдаланған, өтемақы сомасы 76,2 млн. теңгені құрады.