
«Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада еліміздің ең үздік боксшыларының қатысуымен «Чемпиондар түні IBА» үлкен бокс кеші ұйымдастырылып, ел тұрғындарына нағыз спорт мерекесін ұсынды.
Кеш барысында әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген былғары қолғап шеберлеріміз – Санжар Тәшкенбай, Сабырхан Махмұд, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Бекзат Нұрдәулетов, Ерасыл Жақпеков және Данияр Елеусінов өз өнерлерін ортаға салды.
Отандық боксты өрге сүйреп жүрген Қазақстан командасы мен әлем боксшылары 4:4 есебімен тең түсті. Жігіттеріміздің жарқын жеңістері әлі алда. Спорттағы толағай табысымыз көп болғай»,-деп жазды министр Ермек Маржықпаев Telegram каналында.