
«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын жарқын жеңісімен құттықтаймын. Біздің жігіттер елордада өткен дүбірлі додада Нидерланд құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, 2024 жылы Ташкентте өтетін әлем біріншілігіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Жігіттеріміз өз жанкүйерлеріміз алдында керемет ойын үлгісін көрсетіп, спорт кешеніне жиналған көрермендерге тамаша әсер сыйлады.
Ұлттық құрамамыз осыдан үш жыл бұрын Литвада өткен жаһан біріншілігінде 4-орынға ие болып, жер-жаһанның назарын өзіне аудартқан еді. Келесі жылы біздің жігіттер бұдан да жоғары жетістікке қол жеткізеді деп сенемін»,-деп жазды министр Telegram каналында.