
Сала қызметкерлерінің жағдайын жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда. Соңғы 2 жылда мамандандырылған мектеп-интернат-колледждердің (республикалық және облыстық), сондай-ақ балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларының еңбекақысы 25%-ға өсті.
Заңнамалық негізде жаттықтырушы-оқытушылардың апталық сағат жүктемесін 24-тен 18 сағатқа дейін қысқарту жоспарлануда.
Спорт төрешілерінің жалақысы 2024 жылдан бастап базалық лауазымдық еңбекақыдан 100%-ға дейін көтеріледі.
Спортшыларға Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей ЖОО-ға түсу үшін гранттар беру нормасы заңнамалық түрде енгізілді.