Министрлік фонограммаларды пайдалану мәселесіне арналған қоғамдық талқылау өткізеді

Министрлік фонограммаларды пайдалану мәселесіне арналған қоғамдық талқылау өткізеді

25 мамырда сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі онлайн форматта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына фонограммаларды пайдалану мәселесін реттеу бөлігінде депутаттардың түзетулеріне қоғамдық талқылау жүргізеді.

Осыған байланысты Сіздерді осы іс-шараға қатысуға және жоғарыда аталған мәселе бойынша  пікір білдіруге шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 74 04 31, +77051027988