
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында 4х50 м аралас комплекстік эстафетада қазақстандық пара жүзушілер (3:03.74) қола жүлдені еншіледі.
1 орын - Қытай командасы (2:30.36).
2 орын – Жапониядан келген команда (2:49.49).
Қазақстандық команда сапында: Зульфия Габидуллина, Сиязбек Далиев, Наталья Звягинцева және Айсұлтан Құлқаев бар.